Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық ахуал күрделене түсуде - Болат Сұлтанов

None
None
АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Орталық Азиядағы лаңкестік пен есірткі тасымалдаудың таралуының түп негізі аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалда жатыр.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов бүгін Алматыда өтіп жатқан «Тәуелсіз Қазақстан: бүгіні мен келешегі» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.

«Аймақта жұмыссыздық өршуде. Егер 2008 жылы жұмыссыздық деңгейі 10, 6 пайзы болса, 2010 жылы ол 13 пайызды құрады. Жұмыссыздардың 27 пайызы жастар. Өзбекстанда 28 миллион адам тұрады. Жыл сайын 600 мың оқушы мектеп бітіреді. Жұмыс табу қиын. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, 2 миллион өзбек жанбағыс үшін шет елде жүр. Оның 25 пайызы Оңтүстік Қазақстанда», - дейді Б.Сұлтанов. Б. Қылышбайұлының айтуынша, тәжіктердің 40-50 пайызы Ресей мен Қазақстанда. Ал қырғыздардың 50 пайыздан астамы нәпақасын өзге елден тауып жүр.

«Өзбекстанда отағасы мен оның ересек балалары шет елде жұмыс жасайды, аналары жұмыссыз. Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық ахуал өте күрделі», - деді тарих ғылымының докторы Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар
telegram