Орталық Азиядағы ең ірі көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялар көрмесі ашылды
Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл Орталық Азиядағы ең ірі көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялар көрмесі болып есептеледі. Көрмені Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр ашты.
«Вице-министр құттықтау сөзінде көрмедегі жан-жақты іскерлік қарым-қатынас қазіргі экономикалық жағдайда көлік саласының проблемаларын шешудің практикалық жолдарын талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті» делінген хабарламада.
«TransKazakhstan / Translogistica 2017» көлік және экспедиторлық қызметтерден бастап, тауарларды сақтауға және өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарға дейінгі толық кешенді салалық шешімдерді көрсетеді.
Көрмеге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Қытай, Латвия, Литва, Эстония, Әзербайжан, Финляндиядан келген компаниялар қатысуда. Сонымен қатар, отандық компаниялардың экспозициялары көрме алаңының 35% -ын қамтып отыр.
Көрме «Жаңа Еуразия: еуроазиялық трансконтинентальды маршруттардағы көліктік-логистикалық жүйелерді дамыту» тақырыбында XII халықаралық «Транс Еуразия-2017» конференциясы аясында өтіп жатыр.