«Орталық Азиямен танысу» әдеби байқауына тапсырыстар қабылдана бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Hatfordshire Press баспасы «Орталық Азиямен танысу» атты ІІІ халықаралық әдеби байқауға тапсырыстар қабылдана бастағанын жария етті, - деп хабарлайды 24.kz.

«Орталық Азиямен танысу» әдеби байқауына тапсырыстар қабылдана бастады

Аталған байқау осы жылдың қараша айында өткізіледі. Бұған дейін Қырғызстан мен Ұлыбританиядан бастау алған кітап форумы биыл Қазақстанда өтетін болды. Төрт күн ішінде Астана мен Алматы қаласында белгілі жазушылар, саясаткерлер, дизайнерлер, кино және БАҚ өкілдерінің қатысуымен алуан түрлі шара өтеді. Себебі, бұл - Орталық Азия аймағын насихаттайтын бірден-бір әдеби байқау. Әдеби сайыс «Көркем шығарма», «Әдеби аударма» және «Әдеби шығармаға иллюстрация» деген үш аталым бойынша өтпек. Ал оған қатысатын шығармалар мәтіні қазақ, орыс, ағылшын, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен және әзірбайжан тілдерінің бірінде жазылуы тиіс. Байқау жеңімпазының кітабы ағылшын тіліне аударылып, Лондонның кітап жәрмеңкесіне ұсынылатын болады. Биылғы бәйгеге «Бейнефильм» аталымы да қосылды. Бас жүлдеге 17 мың АҚШ доллары тігіліп отыр. Мамандардың айтуынша, мұндай форум батыс оқырмандарының Орталық Азия аймағының мәдениеті мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттырады.