Орталық Азияның қауіпсіздік көрсеткіші анықталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жобалық зерттеу қауіпсіздіктің саяси, әскери, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық секторы бойынша жүргізілген. Зерттеу «ивент-талдау» (Орталық Азияға тікелей қатысты оқиғаларды тіркеу) және «Дельфи» әдісі бойынша жүргізіліп, сарапталынған. Зерттеуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен 28 сарапшы қатыстырылған. Оларға 3-ші тоқсан аралығында өткен 55 оқиға ұсынылған.
Дельфи әдісімен сараптау нәтижесінде экономикалық сектордағы қауіпсіздік 30 пайыздық көрсеткішпен алдыңғы қатардағы орынды алған. Әскери және саяси секторлар 20 пайызды құраса, әлеуметтік-мәдени және экологиялық секторлары 15 пайызды құраған. Орталық Азия қауіпсіздігінің көрсеткіші 129.5 баптан тұратын мәнге ие болды.
Саяси шешімдер институтының консалтинг және сараптама бойынша директоры Рүстем Бурнашевтың айтуынша, еркін талдау, сарапшылардың әлеуметтік-мәдени сектордағы және оның төңірегіндегі жағдаятты онша бағаламағанын анықтаған. Сарапшылардың назарына биылғы жылдың 3-ші тоқсанындағы оқиғалардың ішінде орын алған миграцияға қатысты Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасындағы тәртіпсіздіктер, шілде айында Душанбеде болған жарылыстар, сонымен бірге Тәжікстандағы жылсайынғы "Көкнәр" операциясының жүргізілуі іліккен. Сарапшылар экономика секторындағы күзгі-қысқы мерзімде Өзбекстаннан Тәжікстанға электрэнергиясын тасымалдау туралы келісімге қол қоюды ең маңызды оқиға ретінде бағалап, Орталық Азиядағы саяси процестерге оң баға берген. Әскери сектордағы Өзбекстан мен Тәжікстан елдері аралығындағы шекараның жабылуы бұл сектордағы теріс бағаланған оқиға ретінде тіркелген. Аймақтағы экологиялық мәселелер жиынтығы белсенділігі жағынан ең төмен сектор болып отыр.