Орталық Азияның өзге елдерінде франчайзинг дамып жатқан жоқ ? Франчайзинг және лицензиялау жөніндегі Орталықазиялық агенттік төрағасы

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Орталық Азияда Қазақстаннан өзге елдерде франчайзинг дамып жатқан жоқ.
None
None
Бұл туралы кеше Алматыда өткен «Қазақстандағы франчайзинг» ІІ халықаралық форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстаннан басқа елдерде қазір франчайзинг туралы заң да, бағдарлама да жоқ. Онда франчайзингтің не екенін кәсіпкерлердің көбі біле де бермейді. Бизнестің бұл түрінің Қазақстанда да дами бастауына елдің ашықтығы мен халықаралық ықпалдастықтың кеңеюі өз әсерін тигізуде. Дегенмен кәсіпкерлердің көбі салық жағынан жеңілдік болса деп ойлайды. Негізі біздің елімізде салық мөлшері өзге елдерден артық емес. Франчайзингтің қарқынды дамуына меніңше, оның әлі кеңінен танымал еместігі және оған деген сенімнің аздығы өз ықпалын тигізуде», - дейді Франчайзинг және лицензиялау жөніндегі Орталықазиялық агенттік төрағасы Бекнұр Қисықов. Оның айтуынша, қазір еліміздегі франчайзингтің 80 пайызын сауда құрап отыр. Бұл кәсіби франчайзинг емес. «Шетелдік тауарларды ғана алып келіп, сатуды өз басым құптамаймын. Меніңше, франчайзингте сауда саласының үлесі 50-60 пайыздан артық болмауы керек. Бізге тек тауар ғана емес, жаңа технологиялар қажет. Шетелде ірі кәсіпорындар басқа қалаға шыққан кезде филиал ашпай, сауда белгісін шағын кәсіпорындарға сатады. Бізде өкінішке орай, кәсіпкерлер бизнесті ешкіммен бөліскісі келмейді. Егер олар бір-біріне көмектесетін болса, бұл экономикалық жағынан да барлық тарапқа тиімді болар еді. Өйткені олардың мақсат-мүдделері ұқсас», - дейді елімізде ең бірінші болып «Қазақстандағы франчайзинг» деген арнайы кітап жазып шығарған Бекнұр Сейітжанұлы.
Соңғы жаңалықтар
Референдум