Орталық коммункациялар қызметі туралы ереже бекітілді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бұйрығы
2016 жылғы 21 маусым, Астана қаласы №7
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы №353 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті:
1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бұйрықты бекіткен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Д.АБАЕВ
Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №7 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне комму- никациялар министрлігінің «Орталық коммуни- кациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне коммуни- кациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан əрі - Мекеме) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты жəне есеп беретін орталық атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың, Астана жəне Алматы қалаларының, облыстардың əкімдерінің бұқаралық ақпарат құралдары жұмысында мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі функциялар- ды жүзеге асыру үшін мекемемен өзара іс-қимыл ету бойынша функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінің ведомстволық ұйымы болып табылады.
2. Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республи- касының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдас тыру- шылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ ҚР заңнамасына сəйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.
4. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республи- касының Үкіметі болып табылады. Мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уəкілетті орган Министрлік болып табылады. Мекеменің мүлкіне қатысты республикалық меншік субъектісі құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті жүзеге асырады.
5. Мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
6. Мекеме өз құзыреті шеңберінде белгіленген заңнамалық тəртіпте Мекеме басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мекеменің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне коммуникациялар министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.
8. Мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілде: толық - Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникация- лар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі; қысқартылған - Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ; орыс тілінде: толық - Республиканское государственное учреждение «Служба центральных коммуникаций» Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан»; қысқартылған - РГУ Служба центральных коммуникаций» Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан».
9. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев көш., № 4-үй. 10. Осы Ереже Мекеменің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Егер Мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер əкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады.
13. Мекеме басқадай заңды тұлғаны құра, сондай-ақ құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
14. Мекеме өз міндеттемелері бойынша оның өкіміндегі ақшаға жауап береді. Мекемеде ақша жеткі ліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікті Қазақстан Республикасы артады.
15. Мекеме Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар мен өкілдіктерге ие болуға құқылы.
2. Мекеме қызметінің мəні жəне мақсаты
16. Мекеме қызметінің мақсаты мемлекеттік билік органдарының жəне қоғамның өзара іс-қимыл етудің тиімді механизмін құру, сондай-ақ ақпараттық сала- да мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпараттық құралдардың өзара іс-қимыл етуі болып та былады.
17. Мекеме қызметінің мəні мыналар:
1) мемлекеттік органдардың, ұлттық компания- лардың, мемлекеттік мекемелердің жəне бұқаралық ақпараттар құралдарының бірыңғай коммуникация алаңын қалыптастыру;
2) Өңірлік бұқаралық ақпараттар құралдарымен өзара іс-қимыл ету бойынша тиімді механизмдерді жасау;
3) Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге қатысу;
4) Бұқаралық ақпараттар құралдары мен коммуника- циялар мəселелері бойынша халықаралық тəжірибені зерттеу болып табылады.
18. Мақсатқа жету үшін Мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Ұзақ мерзімді жəне ағымдағы медиа-жоспарларды əзірлеуге қатысу;
2) Əр түрлі салалар бойынша ақпараттық деректер қорының жинай отырып, елдегі жəне шетелдегі ақпараттық алаңның ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізуге ықпал ету;
3) Тұрақты шолуларды, анықтамаларды жəне есеп терді жасай отырып, келіп түскен ақпараттарды талдау;
4) Жиналған материалдардың негізінде ақпараттық алаңды дамытудың талдамалық жəне болжамдық құжаттарын, сценарлық жоспарын даярлауға қатысу;
5) елдегі өткізіліп жатқан реформаларды жəне басқа да стратегиялық бастамаларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша брифингтерді, баспасөз-конференцияларды ұйымдастыру;
6) мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері бо- йынша апта сайынғы, ай сайынғы жəне жыл сайынғы кезеңдерге мемлекеттік органдар үшін ұсынымдарды əзірлеуге қатысу;
7) мемлекеттік органдар үшін əр түрлі ақпараттық оқиғалар бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды (топиктерді) даярлауға ықпал ету;
8) мемлекеттік органдар үшін қысқа мерзімді, орта мерзімді жəне ұзақ мерзімде кезеңдерге ақпараттық іс-шаралардың оқиғалық қатарын даярлауға қатысу;
9) бұқаралық ақпарат құралдар ы үшін ақпараттық- талдамалық материалдарды даярлауға қатысу;
10) мемлекеттік органдар үшін əдістемелік ұсыным- дар мен материалдарды даярлауға қатысу;
11) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары үшін тренингтерді өткізу;
12) анықтамалық жəне ақпараттық материалдар- ды мемлекеттік, орыс, ағылшын жəне басқа тілдерге аудару;
13) өз жарғылық қызметі мəселелері бойынша халықаралық конференциялар, семинар, көрмелер жəне басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысу;
14) мекеменің атынан жəне өз құзыреті шеңберінде мемле кеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен жəне шетелдік мекемелермен хат алмасуды жүргізу, сұрау салуларды жүзеге асыру;
15) Қазақстан Республикасы заңнамасының талапта- рына жауап беретін жəне мекеменің жарғысына қайшы келмейтін қызметтің басқа да түрлерін жүзеге асыру. Мекемеге жарғыда бекітілген оның қызметінің мəніне жəне мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мəмілелер жасауға тыйым салынады.
3. Мекеменің құқықтары мен міндеттемелері
19. Мекеменің құқықтары мен міндеттері:
Мекеме:
1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығаруға,
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
3) Мекеменің құзырына кіретін мəселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар жəне басқа да іс-шараларды өткізуге;
4) Қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойын- ша консультативтік-кеңес органдарын (жұмыс тобын, комиссия, кеңестер) құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Мекеме міндетіне мыналар:
1) Мекемеге жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтам асыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддел ерін сақтау;
3) Мекеменің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша түсініктемелер даярлау;
4) Мекеме теңгерімінде тұрған мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
4. Мекеменің қызметін ұйымдастыру
20. Мекемені, Мекемеге жүктелген міндеттерді орындау жəне олармен өз қызметтерін жүзеге асыру үшін жеке жауапкершілікті артатын Директор басқарады.
21. Мекеменің директоры Министрмен қызметке тағайындалады жəне қызметтен босатылады.
22. Директордың Министрдің келісімі бойынша қызметке тағайындалатын жəне қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
23. Директор Мекеменің жалпы қызметін басқаруды жүзеге асырады.
Осы мақсатта Директор:
1) өзінің орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен Мекеме жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) өз құзыреті шегінде, Мекеме, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерімен орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады жəне нұсқау береді;
3) еңбек қатынасының мəселелері Министрмен келісетін жұмыскерлерді қоспағанда, Мекеменің жұмыс- керлерін қызметке тағайындайды жəне қызметтен босатады;
4) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, біліктілікті даярлау (қайта даярлау), арттыру, марапаттау, үстем ақы төлеу жəне сыйақы беру, сондай-ақ Мекеме жұмыскерлерінің тəртіптік жауапкершілігі мəселелерін шешеді;
5) заңнамаға сəйкес мекеменің атынан мемлекеттік органдарда жəне өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
6) Мекеменің, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерін мемлекеттік наградалармен мара- паттау, оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсынымдарды Министрліктің қарауына енгізеді;
7) Сенімхатсыз мекеменің атынан əрекет етеді;
8) Оның құзыретіне жатқызылатын басқа да мəселелер бойынша шешім қабылдайды. Мекеменің директоры болмаған кезде, оның өкілеттігін орындау қолданыстағы заңнамаға сəйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
24. Мекеме директорының орынбасары:
1) Өз өкілеттігі шегінде Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
2) Мекеменің директорымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
25. Директор жəне директордың орынбасарлары Министрдің, Министрліктің Жауапты хатшының, жетекшілік ету Вице-министрдің жəне Министрмен ұсынылған құзыреті шегінде Министрліктің Ақпарат комитеті Төрағасының берген міндетті тапсырмаларын орындайды.
5. Мекеменің мүлкі
26. Мекеме мүлкі құны оның теңгерімінде көрінетін активтерді құрайды. Мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Мекеме теңгерімінде көрі-нетін өзге де мүлік есебінен қалыптастырылады.
27. Мекемеге өз бетінше мүлікті иеліктен шығаруға немесе өзге де тəсілмен оған бекітілген мүлікке иелік етуге, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленбесе рұқсат берілмейді.
6. Мекеменің жұмыс тəртібі
28. Мекеменің жұмыс тəртібі ішкі еңбек тəртібінің қағидаларымен белгіленеді жəне Қазақстан Республикасындағы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Мекемені қайта құру жəне тарату
29. Мекемені қайта құру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асы- рылады.