Орталық мемлекеттік аппарат электронды поштаны белсенді қолданулары керек - ҚР Президентінің Әкімшілігі
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Ведомстволар электронды поштаны белсенді қолданулары тиіс.
Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Ұлттық мұрағаты ғимаратында электронды құжат айналым тақырыбында өткен республикалық семинарда ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлім меңгерушісі Мірболат Жақыпов мәлім етті.
«Электронды поштаны қолдану қажет. Соның ішінде тек заңды, ішкі әрі қорғалған пошталарды. Көлік және коммуникация министрлігі мұндай поштаны жасап шығарды. Мұнда mail.ru, yahoo және тағы басқа бұқаралық пошталар туралы әңгіме болып отырған жоқ. Олармен барлық байланысты құрту қажет және біздің өзіміздің жүйені енгізу керек. Өйткені біз электронды пошталарды жиі бақылаймыз, онда көптеген бұзушылықтар анықталып жатыр. Сонымен қатар сіздер білесіздер, ол пошталарды оп-оңай бұзып, ондағы ақпараттың барлығын шығарып алуға болады», - дейді ол.
Оның айтуынша, ҚР Президентінің тапсырмасымен жүргізілген талдау қағаз түріндегі ведомстоаралық құжаттардың артқандығын көрсеткен. Соған байланысты М. Жақыпов барлық орталық мемлекеттік аппаратқа жыл соңына дейін толығымен электронды құжат айналымға көшіру тапсырмасы берілгендігін қадап айтты.