Орталық мемлекеттік орган қызметкерлеріне халық санағы кезінде жұмыс орнында есептен өтуге жағдайлар жасалады

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Орталық мемлекеттік орган қызметкерлеріне халық санағы кезінде жұмыс орнында есептен өтуге жағдайлар жасалады. Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаева осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алдағы жалпы ұлттық халық санағына жұртшылықтың жоғары белсенділігі аса қажет. Осы тұрғыдан келгенде тұрғындардың біршама бөлігі жұмыс орындарында санақтан өтуді қолайлы санайтын болып отыр. Сонымен бірге, еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі өз уақытының басым бөлігін жұмыс орындарында өткізеді. Сондықтан да, барлық орталық мемлекеттік органдардағы қызметкерлерге жұмыс орнында есептен өтуге мүмкіндік жасалады», - деді А. Мешімбаева. Сондай-ақ Агенттік төрайымы кез-келген аймақтағы ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың, ірі мемлекеттік органдардың тарапынан қызметкерлерді жұмыс орнында есептен (санақтан) өткізу туралы өтініштер болса, ондай мәселе толық қанағаттандырылатынын жеткізді. «Бұл бір жағынан есепке алушылардың жұмысын да жеңілдеткен болатын еді», - деді А. Мешімбаева.
Соңғы жаңалықтар