Орталық музейде орталықазиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесі ашылады

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Орталық музейде желтоқсан айының 5-і күні «Шығыстық  рождество» атты орталықазиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесі ашылады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ұйымдастырушылар «Our Heritage» қоғамдық қоры мен «Бақыт» сәндік қолданбалы өнер орталығы.   

Жәрмеңкеге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей және өз еліміздің қолөнер шеберлері қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкеден қолдан тоқылған жібек шарфтарды, жылы, әрі экологиялық таза киіздерді, жібек жіптен тігілген тәжік және өзбек кестелерін, Риштан керамикасын (керамика орталығы),  әйелдерге арналған әшекей бұйымдарын, қолдан тоқылған кілемдерді  және тағы да басқа қолөнер шеберлерінің өз қолдарымен жасаған туындыларды сатып ала алады. Сонымен қатар, көрмеде Өзбекстан және Түрікменстанның жетекші дизайнерлері жаңа киім үлгілерін көрсететін болады. Шара барысында «Біз кесте» атты ұлттық кесте тігу өнерінің шеберлік-класы ұйымдастырылатын болады. Мастер-класты танымал суретші Зейнелхан Мұхамеджан жүргізетін болады.

Жәрмеңке 2 күн жұмыс істейді. 

Соңғы жаңалықтар