Орталық облыстарда +8, оңтүстікте +20 градусқа дейін күн жылынады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 25-27 наурыз күндері Республикамыздың  басым бөлігінде фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, жауын-шашын, көктайғақ болады, түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі және кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі ықтимал.

Орталық облыстарда +8, оңтүстікте +20 градусқа дейін күн жылынады - Қазгидромет

Иран өңірлерінен жылы ауа массаларының енуімен, ауа температурасы солтүстік, шығыс және орталықта +3+8-қа дейін, оңтүстікте +15+20-қа дейін, еліміздің батысында +5+13 дейін жоғарылауы болжанады.