Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау күнін белгіледі
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясының «Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы» қаулысы республикалық БАҚ-та жарияланды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы
2013 жылғы 25 қаңтар, Астана қаласы №4/195
Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12-бабының 13) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2013 жылғы 15 наурызға тағайындалсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2013 жылғы 15 наурызға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сай бекітілсін.
3. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Қ. ТҰРҒАНҚҰЛОВ,
Хатшы Б. МЕЛДЕШОВ.
Негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары республикалық БАҚ-та жарияланды.