Орталық сайлау комиссиясы ҚР президенттігіне үміткер - Амантай қажының өтінішін қабылдады

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін Амантай қажы Асылбектің өтінішін қабылдады. Бұл туралы ОСК-дан хабарлады.
None
None

Мәлім болғандай, А.Асылбек өз өтінішін бүгін, 10 ақпан күні тапсырды. Лингвистикалық комиссия Амантай-қажының мемлекеттік тілді білу деңгейіне сынақтан өтетін күнді анықтады. Емтихан ағымдағы жылғы 12 ақпанға белгіленді.

А.Асылбек «Аттан, Қазақстан» қозғалысының көшбасшысы болып табылады. Президенттікке кандидат ретінде өзін-өзі ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар