Орталық сайлау комиссиясына жеке және заңды тұлғалардың 113 өтініші келіп түсті - В.Фоос

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 20 қаңтар - 14 наурыз аралығындағы кезеңде ҚР Орталық сайлау комиссиясына жеке және заңды тұлғалардың 113 өтініші келіп түсті. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.
None
None

«Түскен өтініштердің 29-ы (25,7 %) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанымен байланысты. Олардың ішінде: 9 - қоғамдық бірлестіктерден (олардың ішінде саяси партиялардан), 11-і жеке тұлғалардан, 8-і БАҚ-тардан, біреу облыстық сайлау комиссиясынан», - деп атап өтті ол.
В.Фоостың айтуынша, 10 өтініш сайлау заңнамасының жекелеген нормаларын түсіндіруге қатысты, 5-еуі Парламент депутаттығына дауысқа түсуге ниет білдіру, белгілі бір кандидатты қолдау немесе партиялық тізімдерге енгізу туралы, 1-еуі Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаттыққа кандидаттың тіркеуін қайтарып алу туралы талаппен, 6-уы сайлау комиссиялары мен депутаттыққа кандидаттар туралы ақпарат беру туралы, 1-еуі - сайлау науқаны кезеңіндегі заң бұзушылықтар туралы ақпарат беру туралы, 3-еуі сайлау процесімен байланысты емес (түрлі әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешу туралы).
«Өтініш иелеріне жауаптар берілді. Жеті өтініш қарау үшін тиісті органдарға жолданды.
Келіп түскен 84 (74,3 %) өтініш Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанымен байланысты. Олардың ішінде: 58 - жеке тұлғалардан; 8 - БАҚ-тардан; 1 - облыстық мәслихаттан; 8 - қоғамдық бірлестіктерден (олардың ішінде саяси партиялардан); 9 - аумақтық сайлау комиссияларынан», - дейді ОСК төрағасының орынбасары.
ҚР ОСК берген мәліметтерге қарағанда, 27 өтініш сайлау заңнамасының жекелеген нормаларын түсіндіруге қатысты; 10 - сайлау комиссиялары, кандидаттар және т.б. туралы ақпарат беру туралы; 4 - сайлауды әзірлеу мен өткізу мәселелері жөнінде ұсыныстар қамтиды; 1 - мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең қолжетімділік беру туралы; 2 - әлеуметтік, тұрмыстық және басқа проблемаларға байланысты сайлауға қатысу мүмкіндігінің жоқтығы туралы; 1 - сайлау процесіне қатысы жоқ (тұрмыстық жағдайларын шешу туралы өтініш); 1 - депутаттыққа кандидаттың сайлауалды үгітті жүргізу тәртібін бұзғанына шағым; 9 - сайлау комиссияларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар; 2 - мемлекеттік органдардың, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне шағым; 11 - депутаттыққа кандидатты тіркеумен келіспеу туралы.
«Депутаттыққа кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы туралы декларациядағы мәліметтердің дұрыс еместігі және мәслихат депутаттығына сайлану құқығын қалпына келтіру туралы 16 өтініш қарау үшін тиісті органдарға жолданды және бақылауға алынды», - деп түйіндеді сөзін В.Фоос.

Соңғы жаңалықтар