Орталық сайлау комиссиясында баспасөз орталығы ашылды

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясында баспасөз орталығы ашылды. Аталмыш орталықпен журналистерді бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов таныстырды.
None
None

ОСК-ның мәжілісінде аталмыш орталықтың ашылғандығын атап өткен Қ.Тұрғанқұлов орталықтың 2011 жылдың 3 сәуірінде өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға дайындық барысында да, сайлау кезінде де жұмыс істейтіндігін атап көрсетті. «Біз баспасөз орталығы Орталық сайлау комиссиясының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын арттырып, сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол сайлау заңнамаларына қатысты мәселелерді түсіндіріп, насихаттауға да септігін тигізеді деген үміттеміз»-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Соңғы жаңалықтар