Орталық стадион барша алматылықтарды қалалық мұз айдынындағы спорттық акцияға шақырады

АЛМАТЫ. 17 ақпан. ҚазАқпарат  - Алматыда, ертең 18 ақпан күні қала әкімдігінің қолдауымен Орталық стадиондағы қалалық мұз айдынында спорттық акция өтеді.

Орталық  стадион барша алматылықтарды қалалық мұз айдынындағы спорттық акцияға шақырады

Аталмыш шара Елбасы жолдауын іске асыру аясында алматылықтарды бұқаралық спортқа тарту, патриоттық сезімді ояту, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында арнайы ұйымдастырылмақ. 

Бағдарламада қызықты көңіл көтеретін жарыстар, түрлі байқаулар мен сыйлықтар бар. Акция барысында 14 жасқа дейінгі балаларға коньки жеңілдікпен берілетін болады.

«Біз барша алматылықтарды  Орталық стадионның мұз айдынында тегін коньки тебуге және акцияға белсенді түрде  қатысуға шақырамыз. Ол мұз айдыны бендиден өткен әлем чемпионаты үшін арнайы салынған болатын. Жарыстар өтті, енді алматылықтар тегін мұз айдынында сырғанай алады. Бұл жерге 1000 адам сыяды. Сапасы жағынан Медеудегі мұз айдыннан кем емес», - деді Алматы қаласы Орталық стадионының директоры Олег Печеник.

Мұз айдыны таңертеңгі 10.00-ден түнгі  23.00-ге дейін жұмыс істейді.