Орталық және жергілікті атқарушы органдар энергия үнемдеуді насихаттау жұмыстарын күшейтуі қажет - С. Ахметов

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Орталық және жергілікті атқарушы органдар энергия үнемдеуді насихаттау жұмыстарын күшейтуі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар энергия үнемдеуді насихаттау жұмыстарын күшейтуі қажет - С. Ахметов

«Еліміз үшін аса маңызды бағдарламаны қабылдап отырмыз. Энергия тиімділікті арттыру инновациялық шешімдерді енгізуге, ғылымды дамытуға, технологиялар трансфертін енгізуге ынталандыра түсетіндігін жақсы білеміз», - деді ол.

Үкімет басшысының пайымынша, бұл бағдарламаны жүзеге асыру оны барынша тиімді атқару үшін бағдарламалар мен нормативтік-құқықтық актілерге қандай өзгерістер енгізу қажеттігін көрсетеді.

«Бардық орталық және жергілікті атқарушы органдар энергия үнемдеуді насихаттау жұмыстарын күшейтуі, адамдарды оқытуы қажет деп санаймын», - деді С. Ахметов.