Орталық жылу желісіне өз бетінше қосылған азаматтарға айыппұл салынады

Депутаттардың талқылауына берілген құжатта Әкімшілік кодекске «Жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу жүйелеріне өз бетінше қосылу» туралы 309-1-бабын енгізу ұсынылған.
«Жалпыға ортақ пайдаланылатын орталықтаңдырылған жылумен жабдықтау жүйлеріне өз бетінше қосылған жеке тұлғаларға - 50, кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын заңды тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕКмөлшерінде айыппұл салынады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет үшін жеке тұлғаларға – 100, кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын заңды тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 500, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», - делінген жаңа бапта.
Еске салайық, бұған дейін электр станциялары мен қазандықтарда отын қорының жеткіліксіздігінен төтенше жағдай туындаса немесе істен шығу болса, мекеме басшылығына 345 мыңнан – 6,9 млн теңгеге дейін айыппұл салынатынын жазып едік.