Орталықазиялық аймақты ұзақмерзімдік дамытудың келісілген жоспары қажет - Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев

АСТАНА.  Шілденің  10-ы.  ҚазАқпарат -   Орталық  Азия  аймағының  елдері    дамудың келісілген   ұзақмерзімдік жоспарын    жасау  қажеттілігіне таяп  қалды. 
None
None

  
Бұл туралы    Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев   жұма күні  «Известия-Қазақстан»  газетінде   жарияланған  мақаласында  мәлім етті.

 «Аймақты  дамытудың келісілген   ұзақмерзімдік  жоспарын  әзірлеу  қажеттілігіне  біз  таяп қалдық. Және  осы жайт      кемел келешекке    деген сенім  ұялатады»,  - деп  санайды  ол.

 Қ.Бакиев өз сұхбатында,  «Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың   осыдан бірнеше  жыл бұрын     ұсынған  Орталықазиялық ынтымақтастық одағын   құру  идеясына  қолдау»  білдірді.  «Бүгін  біз осындай одақты   құру  қажеттілігін  түсініп  қана  қойып отырған жоқпыз,  өмірдің  өзі бізді     ортақ мәселелерді бірлесіп шешуге итермелеуде», деп  санайды Қ.Бакиев.

 Қ.Бакиевтің  пікірінше,     аталған одақты  құру  мәселесінде  «егемендіктерін  сақтай  отырып,  келісе  дамудың  тетігін   жасап отырған еуропалық елдердің  тәжірибесі    пайдалы». 

 Қ.Бакиевтің айтуынша, аймақ  елдерінің  ресурстары «бірін-бірі  толықтырып  отыр»:   бірінде мұнай мен  газ болса,  екіншісінде - су  бар, ал  бірлесе  отырып,  біз    орнықты және    келешегі кемел  энергетикалық  жүйе  тұрғыза аламыз».   «Көптеген ынтымақтастықтар бойынша  өзара  тиімді  ынтымақтастық  үшін  кеңістік     мол»,  деген сенімде  Қырғызстан  Президенті.

Қ.Бакиевтің айтуынша,       Орталық  Азия аймағының  геосаяси  маңызына әлемде ешкім күмән  келтіре алмайды.  «Бірақ  та,   торапты  және   күрделі  аймақтың проблемаларына байланысты      ешкімде нақты шешім жоқ»,  деп  санайды ол.

«Аймақтық  деңгейде  біз     өзара қарым-қатынастың  жаңа форматтарына  қатысты көптеген  мәселелерді  шешуіміз  керек»,  деп нақтылайды  Қ.Бакиев.  Атап айтқанда,  «табиғи ресурстарды  пайдаланудың,  инженерлік  және  көлік  инфрақұрылымдарын дамытудың келісілген  саясатын  жасау,  еңбек  ресурстарын  реттеудің    және  адами  әлеуетті  арттырудың     жаңа аймақтық жүйесінің   өзіндік  жолын әзірлеу,      білім саласы  бойынша бірлескен шешімдер   табу керек».

«Бұл  аймақты дамытудың стратегиялық  міндеттері.    Және оларды  біз бірлесіп шешетін  боламыз.  Біздің серіктестігіміздің келешегі кемел»,  деген сенімде  Қ.Бакиев.

Соңғы жаңалықтар