«Ортеке» ІІ Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің жеңімпаздары анықталды
МАТЫ. 31 қазан. ҚазАқпарат. Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында өткен «Ортеке» ІІ Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің жеңімпаздары анықталды.
25-27 қазан аралығында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында 7 театр өз қойылымдарын көрсетті, олар: Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры (Қазақстан Республикасы), Чкаловск қ. Мемлекеттік қуыршақ театры (Тәжікстан Республикасы), М. Жанғазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театры (Қырғыз Республикасы), «Экият» Татар мемлекеттік қуыршақ театры (Ресей Федерациясы, Татар Республикасы), Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры (Қазақстан Республикасы), Ізмір қ. театры (Түрік Республикасы), Маңғыстау облыстық қуыршақ театры (Қазақстан Республикасы).
Марек Вашкель (Польша) төрағалығындағы қазылар алқасы бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады:
«Ең үздік спектакль» номинациясы бойынша М. Жанғазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театры «Томого» спектаклі (Қырғызстан Республикасы) үшін марапатталды.
«Ең үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша Маңғысау облыстық қуыршақ театры «Адамдар-Құстар» спектаклі үшін Бекболат Парманов (Қазақстан Республикасы) марапатталды.
«Ең үздік актерлік жұмыс» номинациясы бойынша «Міржан мен Ахмет» спектакліндегі Ана ролі үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының актрисасы Ұлжалғас Тәшібекқызы (Қазақстан Республикасы) марапатталды.
«Ең үздік суретші жұмысы» номинациясы бойынша Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры «Тізгініңді босат та, құстай самға!» спектаклінің қоюшы-суретшісі Әсия Құрманалина (Қазақстан Республикасы) марапатталды.
«Ұлттық драматургияны табысты меңгергені үшін» номинациясы бойынша «Адамдар-құстар» спектаклі үшін Маңғыстау облыстық қуыршақ театры (Қазақстан Республикасы) марапатталды.
«Спектакльдің ең үздік музыкалық көркемделуі» номинациясы бойынша «Қамыр батыр» спектаклінің музыкасы үшін «Экият» Татар мемлекеттік қуыршақ театры (Ресей Федерациясы, Татар Республикасы) марапатталды.
Қазылар алқасы мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңімпаз болмауына байланысты «Фестиваль жаңалығы» номинациясы берілмейді.
Сонымен қатар қазылар алқасы Ізмір қ. театрын «Теңіз қызы» және Чкаловск қ. Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымына «Гүлранг пен Хушранг» спектакльдері үшін «Ортеке» ІІ Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің арнайы дипломын табыс етті.