Өртенген Алматы әкімдігінің әуеден түсірілген видеосы жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде өртеніп кеткен қалалық әкімдік ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өртенген Алматы әкімдігінің әуеден түсірілген видеосы жарияланды

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімдігінің ғимараты 2023 жылдың II тоқсанында толық қалпына келеді.

Сонымен қатар, нысанның қазіргі келбетінің видеосын көрсетті.

Бұған дейін Алматы әкімдігі ғимаратының қасбеті сақталатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев әкімдікті жөндеу жұмыстары Наурыз мейрамына дейін аяқталатынын айтқан еді.


Видеодан алынған кадр