Өртенген бензин тасымалдайтын көлік маңында болған жүзге жуық адам ажал құшты
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Жол-көлік апатынан жарылған бензин тасымалдайтын көліктен төгілген сұйық отынды жинауға барған нигериялық тонаушылар аяқ астынан пайда болған өрттің құрбандары болды,
деп хабарлайды Reuters .
Куәгерлердің мәліметтеріне сәйкес, аз дегенде 92 адам қаза тапты, олардың арасында әйелдер мен балалар да болған. Бұл ретте жергілікті полиция қаза тапқандардың саны одан да көп бола алатынын айтады, өйткені қазіргі кезде қаза тапқандарды санау мүмкін емес.
Оқиға Нигер өзенінің атырауындағы Окогбе қаласының ауданында орын алды.