Өртенген сабанды сөндірмек болған қостанайлық күйіп қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қарабалық ауданындағы ауылдардың бірінде сабан теңдері жанып жатқан кезде 1956 жылғы ер адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртенген сабанды сөндірмек болған қостанайлық күйіп қалды

Оқыс оқиға Қарабалық ауданы Смирновка ауылында кеше кешкісін болған.

«Диспеткерлік қызметке үйдің ауласында 5 шаршы метр алаңда теңдері бар сабандардың жанып жатқаны туралы хабар түскен. 1956 жылғы азаматты 2-ші деңгейлі күйікпен аудандық ауруханаға жеткізген», - деп түсіндірді ТЖД-да.

Өрт темекі тарту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан шықты деген болжам жасалды.

Ер адамның бетін, сол қолын, бөксесін, аяқтарын күйік шалған.