Өртенген үйден 5 адамның денесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орынбор маңында тұрғын үйден өрт шығып, 2 бала жанып кетті. Жекеменшік үйдің қопсыған орнынан бес адамның мүрдесі табылды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Қайғылы жағдай бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 5:00-де Дмитриевка ауылында болған.
«Өртенген үйден бес адамның өлі денесі табылды, олардың екеуі - балалар, - деп хабарлады ТЖМ Орынбор облысы бойынша қызметінің баспасөз орталығының басшысы Татьяна Самойлова.
Өрттің неден шыққаны анықталуда. Оқиға орнында Ресей Тергеу комитетінің жедел тобы жұмыс істеуде.