Өртке оранған мектептен жүздеген адам сыртқа шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финдік Коувол қаласында жанып жатқан мектептен бірнеше жүздеген адам құтқарылды.
Бұл туралы «ЮЛЕ» телекомпаниясы хабарлады.
Мектеп ғимараты қала орталығында орналасқан, қазіргі уақытта ол аумақ қоршалды, өйткені тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмай жатыр, өрт ошағы жайылып барады. 600-ге жуық оқушы, қызметкерлер сыртқа шығарылды, арасында ауыр жарақат алған ешкім жоқ, 7 адамға оқиға орнында көмек көрсетілді.
Куәгерлердің айтуынша, өрт дене шынықтыру кабинетінде шыққан. "Коуволан саномат" газеті хабарлағандай, тілсіз жау кондиционерлердің бірінің тұйықталуынан орын алған.
Оқу орнының директоры Тапио Карвонен мектепті қалпына келтіру жазға дейін созылуы мүмкін деп қауіптеніп отыр.