Өрттен екі ер адам көз жұмды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өрттен екі ер адам көз жұмды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өрттен екі ер адам көз жұмды - ҚР ТЖМ

Атырау қаласында 29 желтоқсан күні Молдағалиев көшесі,  33-а мекен-жайында орналасқан отбасылық типтегі 5 қабатты жатақханада өрт болды. Үшінші қабаттағы пәтер өртке оранған. Жалын 14 шаршы метрді шарпыды. 40 адам, соның ішінде 7 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Оқиға орнында жеке басы анықталмаған ер адамның мүрдесі табылды.  

ТЖ ауыздықтауға ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамның 11 адамы жұмылдырылды.

Осы күні Ақмола облысының Төңкеріс стансасында Зеленая көшесінде орналасқан 2 пәтерлік тұрғын үй өртенді. Жалын 120 шаршы метрге жайылды. Оқиға орнынан 1959 жылы туылған ер адамның мүрдесі табылды.

ТЖ ауыздықтауға ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамның 6 адамы жұмылдырылды.