Өрттен қорғануды толық қамту үшін қосымша 177 депо қажет - ҚР ТЖМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ірі қалалар мен 5 мың тұрғыны бар елді мекендерді өртке қарсы толық деңгейде қорғау үшін кем дегенде қосымша 177 өртке қарсы депоның құрылысы қажет. Бұл туралы бүгін Астанада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Төтенше жағдай министрі Владимир Божко мәлім етті.
None
None

«Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін, алдағы 10 жылда 15-тен кем емес депоны жыл сайын салу керек болады»,-деді министр. Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылға арналған бюджет аясында ТЖМ үшін алты автокөлікке арналған үш өртке қарсы депоның құрылысын аяқтауға қаржы бөлінді. Сонымен қатар Астана, Атырау, Ақтау, Павлодар, Арал қалаларында өртке қарсы деполардың бес типтік жобасын бекіту бойынша, сондай-ақ екі депоны ЭКСПО-2017-ге дайындық аясында жобалау-сметалық құжатнаманы әзірлеуге қолдау жасалды. Бұған қоса тағы 10 өртке қарсы бөлімдер ғимараттарына толық жөндеу жасауға қаржы қарастырылды. Бұл мақсаттарға биыл республикалық бюджеттен 3,32 млрд. теңге бөлінді. Белгілі болғандай, бүгінде Қазақстанда 166 өрт деполары 40 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді. Осы орайда қазіргі кезде 21 депоның ғимараты апаттық жағдайда тұр.

Соңғы жаңалықтар