Өрттің шығу себебі әр түрлі, бірақ зардабы ауыр - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Астанада бейсенбі күні бірнеше отбасы тұратын барақ үлгісіндегі тұрғын үйдің екінші қабатында 25 шаршы метр аумақта өрт шықты,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ. Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы мен жеке құрамның 25 адамы жұмылдырылды. 3 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнынан 34 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ал тұншықтырғыш газға уланған оның 40 жастағы туысы ауруханаға жатқызылды.

Дәл осы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының Ақтүйесай ауылында газ баллонын тексеру кезінде газ жарылып, оның арты өртке ұласты. Өрт 7,5 сағаттан кейін сөндірілді. Оған қарсы ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды. 102 шаршы метр жер отқа оранды.

Оқиға орнынан 81 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Күйік шалған 16 жастағы қыз бен 6 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысының Таусамалы ауылында қатты отынмен жанатын пештің бұзылуынан тұншықтырғыш газдан уланған 59 жастағы әйел көз жұмып, бес жасар бала ауруханаға жеткізілді.

Сонымен бірге, Ақмола облысының Атбасар қаласында бүгін түнгі екі кезінде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында 4 шаршы метр жер отқа оранды. Жалын 20 минуттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен 5 маманы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 61 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Соңғы жаңалықтар