Орынбор қазақтары Наурызды қазақ мәдениетінің ұлттық ауылында тойламақ
Мұндағы қазақтар қауымдастығы «Жаңа Айқап» газетін шығарып, белсенді жұмыс жасайды. Онда тіпті қазақ мәдениетінің үй-мұражайы бар. Ал Нежинск лицейі мен бірқатар басқа оқу орындарында қазақ тілі оқытылады. «Орынборда Наурыз Ресейдегі тұңғыш "Ұлттық ауыл" аумағында өтеді. Оны жергілікті тұрғындар "Олимпиада ауылы" деп атайды. Ауыл шекаралас облыс басшыларын қарсы алу үшін 2007 жылы салынған болатын. Бірінші болып башқұрт, қазақ және орыс үй-жайлары салынды, кейінірек басқалары: армян, беларусь, мордова, неміс, татар, украин және чуваш халықтарының үйлері пайда болды. Әрбір аулада этникалық мейрамхана мен мұражай бар. Мұнда көбінесе шетелдік қонақтар, экскурсияға студенттер мен оқушылар келеді», - деп жазады басылым. Қазақ мәдениетінің Орынбордағы мұражай-үйі шын мәнісінде стационарлық киіз үйге ұқсайды. Экскурсия жүргізушісі Жанар Испаева келушілерге киіз үйдің құрылысын айтып, қазақ этнографиясын танытатын бұйымдарды, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті болған Дмитрий Медведевтің Орынбордағы кездесуде шай ішкен кеселерін көрсетеді.