08:21, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Орынбор облысында есірткі тасымалдаушылардың жолы кесілді
МӘСКЕУ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат – Орынбор облысында 107 килә ауған героинын контрабандалық жолмен жеткізудің жолы кесілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. РФ Есірткі айналымымен күрес жөніндегі федералдық қызметінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, есірткі Қоқаннан (Өзбекстан) Орынборға келе жатқан пойыздың рефрижератор вагонына жасырылған.Ақпанның 27-сінде Орынбор-Ор темір жолының 15-інші шақырымындағы учаскеде есірткі тасымалдаушы есірткі салынған сөмкелерді вагоннан лақтырған. Жүкті алуға әрекеттенген Тәжікстанда туған Ресей азаматы құрықталды. Кейін оның ізімен келе жатқан тағы екі есірткі тасымалдаушы қолға түсті. Сөмкеден 110 орамаға салынған героин табылды. Есірткі айналымымен күрес жөніндегі федералдық қызмет өкілдері тәркіленген героинның Ауғанстанның жасырын есірткі зертханаларында әзірленгенін анықтады. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.