Орынбор облысында жоғалып кеткен Ан-2 ұшағы апатқа ұшыраған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орынбор облысында жоғалып кеткен Ан-2 ұшағы апатқа ұшыраған, деп хабарлады ТАСС агенттігі төтенше қызметке сілтеме жасап.
«Болжам бойынша, Орынбор облысында жоғалып кеткен ұшақ сынықтары табылды. Аман қалғандар жоқ», - деп жазылған хабарламада. Бұған дейін ұшақ бортында үш адам, оның ішінде «Транснефть» қызметкері болғаны хабарлаған болатын.