Орынбор түбінен 1,5 млн-ға жуық оқ жасырылған қойма табылды
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Орынбар маңындағы Бұзлық қаласында полиция қызметкерлері 2 метр тереңдіктен 333 металл жәшікке салынған оқ тапты.
Табылған оқтың жалпы саны 1 млн. 300 мың, деп хабарлады утро.ру агенттігі.
Белгілі болып отырғаны, бұл іспен 2005-2010 жылдары аралығында ДОСААФ авиациялық спорттық клубының бастығы айналысқан көрінеді. Оның қандай мақсат көздегенін сәйкесінше құрылымдар анықтайтын болады.