Орынборда хоккейден дәстүрлі "Еуразия кубогы" турнирі өтеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Орынборда  қыркүйектің  1-6 күндері хоккейден дәстүрлі  "Еуразия кубогы" турнирі өтеді,

Орынборда хоккейден дәстүрлі "Еуразия кубогы" турнирі өтеді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Шайбалы хоккейден биыл екінші рет өткелі отырған бұл додаға биыл Қазақстаннан 2, Ресейден 4 команда қатыспақ. Онда жарыстың алғашқы күні "Южный Урал" (Ор) мен "ВМФ" (Санкт-Петербург), "Газпром-ОГУ" (Орынбор) мен "Сарыарқа" (Қарағанды) командалары кездеседі деп жоспарланып отыр.  Сәрсенбі күні қарағандылықтар орлықтармен, санкт-петербургтіктер Самараның "ЦСК ВВС", ал жарыс қожайындары Сәтбаевтың "Қазақмыс" командасымен сайысқа түседі.

 Жалпы бұл байрақты бәсеке былтыр қыркүйектің 2-7 күндері өткен болатын. Ол Орынбор қаласының 265 жылдығы мен "Газпром добыча Оренбург" ААҚ-ның  40-жылдығына арналды. Оған  «Дизелист» (Пенза), «Молот-Прикамье» (Перм),  «ВМФ» (Санкт-Петербург),  «Южный Урал» (Ор), «Нефтяник» (Лениногорск) және жарыс қожайындарының  «Газпром-ОГУ» командалары қатысты.