Орынборда жол-көлік апатынан үш қазақстандық жапа шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Казань-Орынбор-Ақбұлақ жолында екі жеңіл көлік соқтығысты. «Фольксваген-Поло» озбақ болған «Мерседес Бенцке» жол бермеген, деп хабарлады ria56.ru.

Орынборда жол-көлік апатынан үш қазақстандық жапа шекті

Апат Соль-Илецк бағытында орын алды. Көліктер қатты бүлінді.

«Фольксваген» автомобилінің жүргізушісі ми-бас жарақаттарымен Соль-Илецк ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді. «Фольксваген» көлігінің екі жолаушысы іш жарақатымен және ми контузиясымен жергілікті аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.

- Жапа шеккендердің барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары болған, - деп атап өтті ІІМ Орынбор облысы бойынша ММ баспасөз қызметінде.

Жол-көлік апаты бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.