Орыс қызы америкалықтың басына хоккейдің имек таяғын ұрып сындырды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрияның астанасы Будапештте өткен хоккейден жасөспірімдер арасындағы турнирде (16 жасқа дейінгі қыздар арасында) ресейлік хоккейші қыз ойын таяғын америкалық қарсыласының басына бір ұрып сындырды, деп жазады rosbalt.ru.
Оқиға мәскеулік "Спартак" пен АҚШ батыс жағалауы West Coast Selects құрамасының арасындағы ойын кезінде орын алған.
Ресейлік қыз оған дейін де үш рет алаңнан қуылған екен. Бұл жағдайдан соң ол ойын соңына дейін айдыннан аластатылды.