Орыс православ шіркеуінің барлық храмдарында көктен жаңбыр тілеген діни жоралғылар атқарылады
АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Орыс православ шіркеуінің барлық храмдарында бүгін көктен жаңбыр тілеген діни жоралғылар атқарылады,
деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансысы.
Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл дұғаны Нижегород облысының Лукоянов қаласында оқиды. Аталмыш өңір биылғы құрғақшылықтан, орман өртінен және аптап ыстықтан қатты зардап шегіп отыр.
Орыс православ шіркеуінің дінбасы, бүгінгі көптеген апаттардың күнәға белшелерінен батқан адамзаттың тәубелеріне келмеуі себеп болып отырғанын айта келіп барша христиандарды тәубелеріне келуге, Жаратушыдан кешірім сұрауға шақырды.