08:00, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Орыс православ шіркеуінің жаңа патриархы сайланды
МӘСКЕУ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Орыс православ шіркеуінің жаңа Патриархы болып Смоленск және Калининград митрополиті Кирилл сайланды.

Орыс православ шіркеуінің Поместьелік соборында өткен дауыс берудің қорытындысы осындай, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Осының алдында Архиерей соборы Орыс Православ шіркеуінің патриархы қызметіне лайықты деген үш кандидатты таңдаған болатын. Олар - Смоленск және Калининград митрополиті Кирилл, Калуга және Боровск митрополиті Климент, Минск және Слуцкий митрополиті Филарет еді.