«Орыс радиосы» Гиннес рекордын орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Орыс радиосының» радиоэфир командасы Гиннес рекордын орнатты. «Русские перцы» бағдарламасының үш жүргізушісі эфирде 60 сағат бойы ұйықтамастан, үзіліссіз хабар жүргізген, деп хабарлады Лента.ру.
Радиомарафонды бақылаған Гиннес кітабының өкілі рекордты тіркеп, радиостанса командасына тиісті сертификат берді. Бұл туралы «Русская медиагруппа» баспасөз қызметінің өкілі Анна Турченкова мәлім еткен.
1 сәуір күнітаңғы сағат 7-де басталған хабар 3 сәуір күні мәскеу уақытымен сағат 19:00-да аяқталған. Оны Вадим Воронов, Алиса Селезнева және Дмитрий Оленин жүргізген.
Марафон кезінде студияда Филипп Киркоров, Валерия мен Иосиф Пригожин, Игорь Матвиенко, Анастасия Волочкова, Андрей Малахов, Валерий Меладзе және басқа да атақты адамдар болған.
Биылғы марафон «Орыс радиосының» 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Радиостанса алғаш рет 1995 жылы 2 тамызда эфирге шыққан болатын.