Орысша білмеген соң музыкалық училищедегі оқуымды тастап кеттім – Ұлықпан Жолдасов

АСТАНА. ҚазАқпарат – Jibek Joly телеарнасының «Төрлетіңіз» бағдарламасында қонақта болған белгілі әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов музыкалық училищеден неліктен шығып кеткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Хабар барысында танымал әнші Жеңіс Сейдоллаұлы Ұлықпан Жолдасовпен таныстығы қалай басталғанын айта келе, қызық оқиғаны тілге тиек етті.

«Осы орайда ешкім естімеген бір оқиғаны айтып берейін. 1980-шы жылдары Шымкент музыка училищесінде оқып жүрдім. Кейін осы оқу орнына Ұлықпан түсті. Енді бір 6 айдан кейін қарасам, Ұлықпан жоқ. Сосын балалардан «Ұлықпан қайда?» деп сұраймын. «Ол кетіп қалған, училищеде жоқ» деді. Арада жылдар өтіп, кейін Ұлықпанмен бір кездескенде «сен осы неге оқудан кетіп қалдың?» деп сұрадым. Ол «Шынымды айтсам, орысша үйрене алмай қойдым» дейді», - деп сол жылдардағы қызықты оқиғаны есіне алды әнші, композитор Жеңіс Сейдоллаұлы.

Студияда қонақта болған Ұлықпан Жолдасовтың өзі де мұндай оқиғаның болғанын растады.

«Орысша білмей, оқу орнын тастап кеткенім рас», - деді Ұлықпан Жолдасов.

Жалпы, бағдарлама отандық белгілі композиторлардың шығармашылығына арналды.

Өнер иелері қазақ музыкасын әлемдік деңгейге көтеру төңірегіндегі ойларын ортаға салып, пікір білдірді.


Соңғы жаңалықтар