Ош 2019 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды
Мұндай шешім Түркияның Кастамон қаласында өткен ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 36-шы отырысында қабылданды. Түркия мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің кезекті отырысының Ош қаласында өтетінін хабарлады.
ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ұйымның атқарып отырған жалпы жұмыстары туралы айтты.
«ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдық қызметі нәтижесінде мәдениет және өнер саласындағы көптеген ауқымды жобалар мен іс-шаралар біздің ұйымның атымен ассоциациялана бастады. Ұйымға мүше-елдері мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 36 отырысы өтті. Суретшілердің, фотосуретшілердің, әдебиетшілердің, әртістердің, композиторлардың және басқа да өнер иелерінің дәстүрлі кездесулері белсенді түрде өткізіліп келеді», - деді Дүйсен Қасейінов.
Отырыс қатысушылары күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, соның аясында түркі әлемінің 2019 жылғы жаңа мәдени астанасы анықталды.
Еске салсақ, Түркияның Кастамону қаласының 2018 жылғы Түркі дүниесінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты салтанатты шара өткені туралы жазған болатынбыз.