Ош билігі лаңкестік туралы алдын ала сақтандырғандарға ақша төлеуге уәде етті
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ош мэрі (Қырғызстанның Ош облысының әкімшілік орталығы) және жергілікті милиция лаңкестіктің алдын алу, сондай-ақ қару жасырылған құпия орындар туралы хабар берген адамдарға «сыйақы» төлеуді ұйғарды.
Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды.
«Сыйақы» көлемі әзірге белгісіз. Ошта қазір бiрнеше автомат, қопарғыштар мен көп көлемде оқ-дәрі сақталған құпия орын табылды. Таяуда осы жағдайдан кейін, «Мир» телекомпаниясы хабарлағандай, қала мэрі Мелис Мырзахметов кейбір бандалар Қырғызстанның оңтүстігінде лаңкестік ұйымдастырып, ұлтаралық қақтығыстарға арандатып жатқанын мәлімдеді.