Ош қаласы қысқа дайындалуда

БІШКЕК. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық-үйлестіру орталығының Ош филиалында бүгін Ош АЭС-нің бастығы Нұрлан Садықовтың баспасөз мәслихаты өтті.
None
None

Ош тұрғындарын уақтылы энергия қуатымен қамтамасыз ету мәселесіне арналған бұл мәслихатта мәлім етілгендей, электр-жылу жүйелеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бүгінгі таңда 85 пайызға орындалып отыр. Энергетиктердің ағымдағы жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауларына және қысқы жылу маусымына жаппай дайындалуларына барлық мүмкіндіктері бар.

Н.Садықов сондай-ақ, қыста Ош қаласында жарықтың кезекпен сөндірілмейтінін де атап өтті. Себебі Тоқтағұл су қоймасында жиналған судың қоры халықтың мұқтаждығын қанағаттандыра алатын жеткілікті электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Бірақ та, желілердің 40 пайызының техникалық тұрғыдан әбден ескіруіне байланысты, жарықтың сөнуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Соңғы жаңалықтар