Ош қаласында Қазақстан қаржысына салынған жаңа мектеп ашылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Ош қаласында Қазақстан қаржысына салынған жаңа мектеп-лицейдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсіміне Қырғызстанның Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбеков, қала мэрі Айтмамат Кадырбаев, Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі Ғали Шаймақов қатысты.

Ош қаласында Қазақстан қаржысына салынған жаңа мектеп ашылды

«Жаңа заманауи мектеп ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынды. Оның құрылысына Қазақстан 500 миллион теңге бөлді. Мектеп 550 оқушыны қабылдай алады және нақты ғылымдарға бейімделген эксперименттік бағдарлама бойынша жұмыс істейтін болады. Білім беру қырғыз және орыс тілдерінде жүргізіледі», - деп хабарлады мектеп директоры Кыялбек Акматов «ҚазАқпарат» тілшісіне.

«Мектепте тестілеуден өткен үздік оқушылар ғана оқитын болады. Білім беру химия, биология, математика, информатика және ағылшын тілі пәндерін терең оқытатын эксперименттік бағдарлама бойынша жүзеге асады», - деді К.Акматов.

Айта кетейік, 2010 жылы Ош, Жалал-Абад және Ош облысының ауданы зардап шеккен оқиғадан кейін Қазақстан Президенті жаңа мектеп құрылысына қаражат бөлді. 

null null