Ош қаласында мектептердегі «соңғы қоңырау» тәртіп сақшыларының күшейтілген күзетімен өтеді
БІШКЕК. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы Ош қаласының ІІБ-ның басшысы Сүйін Өмірзақов қала мектептеріндегі «соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты шаралар орнында қоғамдық тәртіпті, жол қозғалысы ережелерін қамтамасыз ету
бойынша шаралар жоспарын бекітті.
Қырғызстанның оңтүстік астанасындағы ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. «Бұған қор күштерін санамағанда, қала полициясының толық жеке құрамы қатыстырылады. Қазіргі кезде салтанатты жиындарға қызмет ету және жеке тасушылықпен айналысатын жүргізушілермен жол-көлік ережелерін бұзуға болмайтыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде».
Оқушылар көптеп жиналатын жерлерде, әсіресе Ақ Бура өзенінің жағасында сағат 10:00-ден түнге дейін патрульдеу ұйымдастырылады. Бұдан басқа, екі мобильдік экипаж тәулік бойы қызмет атқарады.
Ош қаласындағы ІІБ баспасөз қызметінің ақпаратынша, ІІБ-ның қызметкерлері мектеп аумақтарында таңғы 8:00-ден кешкі 23:00-ге дейін құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді. Полиция қызметкерлері мектеп аумағында тәртіп ережелері мен құқық тәртібін сақтау бойынша кеңестер береді. Қаланың әрбір шағынауданында ІІБ-ның басқарушылық құрамының қызметкерлері жұмыс жүргізеді.