Ош қаласында «ШЫҰ шағын ауданын» құру жоспарлануда

БІШКЕК. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстанның Ош қаласында «ШЫҰ-ның шағын ауданын» құру жоспарлануда.

Ош қаласында «ШЫҰ шағын ауданын» құру жоспарлануда

Бұл туралы ҚазАқпарт тілшісіне Ош және Жалал-Абад қалаларын қайта қалпына келтіру және дамыту жөніндегі мемлекеттік дирекциясы хабарлады.

Мемлекеттік дирекция директоры Жантөре Сатыбалдиевтің айтуынша, 2010 жылдың қыркүйегінде «ШЫҰ шағын ауданының» сызбалық жобасы дайындалған. Жобаға сәйкес, құрылыс үшін Ош қаласында пайдаланылатын барлық жер көлемінен 38 гектар жер аумағы бөлінеді, ол жерде 15 мың адамға арналған 1 700 пәтері бар тұрғындар ғимараттары бой көтермек. Тұрғын үйлерден басқа мектеп, бала бақша, емхана және дүкен салу көзделген.

Бүгін Бішкекте Қырғызстанның бірінші вице-премьері Өмірбек Бабанов Қырғызстандағы Ресей және Қытай елшіліктері ғимараттарының сызбалық жобасымен таныс болды.

Мемлекеттік дирекция Ош және Жалал-Абад қалаларындағы қираған ғимараттарды қалпына келтіруде Қазақстанның қосқан ерекше үлесін атап өтті.