Ош облысында иесіз иттерді ату кезінде өтіп бара жатқан адамға оқ тиді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ош облысында иесіз иттерді ату кезінде жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамның басына оқ тиген. Бұл туралы КирТАГ Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ош облысында иесіз иттерді ату кезінде өтіп бара жатқан адамға оқ тиді

Оқиға 7 қазанда Қарасу ауданында орын алды. «Тазалық» муниципалдық кәсіпорнының қызметкерлері иесіз иттерді атқан. Осы кезде оқ өтіп бара жатқан адамға тиді.

Жапа шеккен 43 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оған медициналық көмек уақытында көрсетілді, қазір жағдайы жақсы.