Ош облысында тау беткейінде тағы 4 мың текше метр көшкін жүрді (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы Ош облысы Қарасу ауданында бір тәулікте екі рет көшкін жүрді. Бұл туралы жұмада ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады КирТАГ.

Ош облысында тау беткейінде тағы 4 мың текше метр көшкін жүрді  (ФОТО, ВИДЕО)

«Бүгін сағат 13-30-да Қарасу ауданы Папат ауылдық округі аумағында тау беткейінің солтүстік-батыс жағынан Белқапшал учаскесінде көлемі 4 текше метр көшкін жүрді. Қызыл ту ауылынан 250-300 метр жерде лай көшкіні жүрді. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.

Бұдан бұрын Қарасу ауданы Қызыл ту ауылында 20 мамырда сағат 05:00-де Белкапшал учаскесінде көшкін жүргені хабарланған. Алдын ала деректер бойынша көшкін ені 50 метр, ұзындығы - 80 метр, қалыңдығы - 8 метр, көлемі 32 мың текше метрге жуықты құраған.

null null null