Ош облысында түйнеме жұқтырды деген күдікпен 12 адам ауруханаға жатқызылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ош облысының Қарақұлжа ауданында түйнеме ауруын жұқтырды деген күдікпен 12 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы «Кабар» агенттігі Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ош облысында түйнеме жұқтырды деген күдікпен 12 адам ауруханаға жатқызылды

Олардан сынамалар алынған, бірақ түйнеменің бар-жоғы әлі расталған жоқ.

«Талдау нәтижелері бірнеше күннен кейін белгілі болады. Ауруханаға жатқызылған 12 адамға алдын алу ем-домы жасалып жатыр», - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ауруханаға жатқызылғандардың бәрі Сібір жарасымен ауырған малды сойып, артынша бөліске салған.