Ош және Жалалабад қалаларында көпқабатты төрт тұрғын үй пайдалануға беріледі

БІШКЕК-ОШ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Алдағы мамыр айында қырғыздың Ош және Жалалабад қалаларында былтырғы маусым айындағы оқиғалар кезінде зардап шеккен отбасыларға арналған көпқабатты төрт тұрғын үйдің құрылысы аяқталуы тиіс.
None
None

Ош және Жалалабад қалаларын қалпына келтіру және дамыту жөніндегі мемлекеттік дирекцияның бас директоры Жарторо Сатыбалдиев мердігер ұйымдардың алдына осындай міндет қойды. Аталған қалаларда көпқабатты үйлер тұрғызып жатқан мердігер ұйымдардың басшыларымен болған кезекті кездесуде Ж.Сатыбалдиев құрылыс жұмыстарының қарқынын жеделдетуді талап етті.

«Мамыр айында біз көпқабатты төрт тұрғын үйдің, атап айтқанда 24 пәтерлі бес қабатты бір үйдің, 64 пәтерлі төртқабатты бір үйдің және 60 пәтерлі бес қабатты екі үйдің құрылысын толық аяқтауымыз керек», деді ол.

Қазіргі таңда мемлекеттік дирекция 25 көпқабатты тұрғын үйдің, 2 орта мектептің, Ош қаласындағы Ішкі істер басқармасының Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімі мен тіркеу-емтихан қабылдау бөлімінің әкімшілік ғимаратының құрылыстарын жүргізуде, Ош қаласында және Жалалабад облысының Базар-Қорған ауылында екі тас жолды жөндеу жұмыстарын қадағалауда, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізуде.

Соңғы жаңалықтар