Ошта қоғамдық көлікте қырғыз халық әндері мен әуені орындалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ошта қоғамдық көлікте қырғыз халық әндері мен әуені орындалады. Бұл туралы жұма күні Ош қаласының мэрі Салтанат Аманова мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.

Ошта қоғамдық көлікте қырғыз халық әндері мен әуені орындалады

«Әндер мен әуендер қазір дискіге жазылуда. Бір апта ішінде барлық жүргізушілер қырғыз әндері мен әуендері жазылған дискіні алатын болады.  Бұл Қырғызстан тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында жасалуда», - деп мәлімдеді С. Аманова.

Сондай-ақ 31 тамызда қалада театрландырылған көрініс өтетіні хабарланды. Кинотеатрларда аз қамтылған отабсылардың балаларына арнап тарихи фильмдер көрсетіледі.

2016 жылғы 31 тамызда Қырғыз Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне 25 жыл болады.