Оштағы жағдай қалпына түсіп келеді
БІШКЕК. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қырғызстан құқық қорғау органдарыының мәліметтері бойынша, қазіргі кезде Оштағы жағдай қалпына түсіп келеді және жалпы алғанда ол бақылауға алынды.
Дегенмен, кейбір жерлерде адамдардың шағын топтарының қақтығыстары болып тұр, бірен-саран мылтық дауысы естіледі.
Қырғыз Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес елдің оңтүстігіндегі тәртіпсіздіктердің құрбандары саны 17 адамға жетті. Облыс ауруханаларына 201 адам қаралды, 109 адам ауруханаларға жатқызылды, 75-і амбулаторлық ем қабылдады.
Зардап шеккен 43 адамның халі ауыр.